Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде 7-10 сыныптың оқушы қыздарының арасында ұлттық салт дәстүрімізді қыз бала тәрбиесіне сіңіретін іс-шаралардың бірі "КӨКТЕМ АРУЫ-2025" атты мектепішілік қыз сыны байқауы өтті.
Мақсаты:
Қазақ қызының бойындағы ұлттық тәрбиені, инабаттылық пен сұлулықты дәріптеу;
Қыз балалардың өнерге, білімге, салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыру;
Оқушы бойындағы шығармашылық қабілетті, сөйлеу мәдениетін және өз-өзін ұстау мәдениетін дамыту;
Қазақ халқының әдет-ғұрпы, ұлттық киімі мен тағамдары, қолөнері жайлы білімдерін тереңдету;
Жауапкершілікке, ізеттілікке, сыпайылық пен шеберлікке баулу.
Байқауға қатысушылар 6 кезең бойынша сайысқа түсті. Байқау нәтижесі бойынша барлық қатысушылар I,II,III орындармен марапатталды.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.