Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде 7 сәуір – Дүниежүзілік ДЕНСАУЛЫҚ күніне орай, "Денсаулық-зор байлық!" атты спорттық іс-шара өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі ең басты байлық екенін түсіндіру;
Салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, жеке бас гигиенасын сақтау туралы білімдерін арттыру;
Жаман әдеттерден (шылым шегу, ішімдік, зиянды тағамдар) аулақ болуға тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру;
Бір-бірін қолдауға және сергек өмір салтын ұстануға ынталандыру
Спорттық шаралар мен денсаулықты қорғауға арналған жаттығуларды өткізу.
Денсаулық күні сағат : де басталып, мектеп ұстаздары мен оқушылары мектеп алаңына сапқа тұрды, мектеп директоры А.Д.Калкабаева спорттық іс-шараларға қатысушыларды Денсаулық күнімен құттықтап, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға, жеке бас гигиенасын сақтауға, дене шынықтырумен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге шақырды.
Мектебіміздің ардагер ұстазы Ә.Тоқтыбеков әрбір азамат спортпен айналысып, әртүрлі спорт секцияларына қатысып еліміздің дені сау, рухы күшті азаматы болып өсулеріне тілектес екенін білдірді.