10 сәуір күні Шу адандық №10 колледжінде кәсіптік бағдар беру педагогтарының және Шу ауданының білім бөліміне қарасты 9-11-сынып оқушыларының қатысуымен ашық есік күні өткізілді. Бұл шара №10 колледжде "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясындағы меморандумға сәйкес ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға мектебіміздің 11 сынып бітіруші түлектері мен кәсіби бағдар беруші педагог Копбаев А.Д. қатысты. Олар колледждің материалдық техникалық базасымен танысып, колледжде дайындалатын мамандықтар туралы толық ақпарат алды.
Шара барысында колледж басшысы Мусаева Токжан Токтарбаевна колледждің білім беру бағдарламалары мен оқушылар үшін ұсынылатын мүмкіндіктер туралы сөз қозғап, қатысушыларға кәсіптік бағдар беру бойынша кеңестер берді.
Бұл шара білім беру мекемелері мен кәсіптік білім беру саласындағы серіктестіктің нығаюына, сондай-ақ оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді.