Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай 1-9-11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі “Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға мектебіміздің ардагер ұстаздары, ауыл әкімі, ата-аналар және мектебіміздің 20-30-40 жылдық түлектері қатысты. Мектеп директоры Калкабаева А.Д. ата-аналар мен оқушыларды құттықтап, жас түлектерге ізгі тілегін білдірді. 2024-2025 оқу жылының аяқталуы жайлы бұйрықпен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.К.Муханов таныстырып өтті. Мектебіміздің өнерлі ұл-қыздары өз өнерлерін көрсетіп, республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі жетістікке жеткен бірқатар ұстаздарымыз марапатталды.
Мектеп бітіруші түлектеріміз ұстаздарымен мектебіне деген қимастық сезімдерін білдіріп, қоштасар әндерін шырқап, әсем вальстерін арнады.