Меню KDT

logo.png?_=1716268898

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

     
    Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде 4 “Ә“ сынып білім алушыларының ұйымдастыруымен «АТТАНДЫҚ БАЛА ШАҚТАН БОЛАШАҚҚА!» атты бастауышпен қоштасу салтанаты өткізілді.
    Төрт жыл бойы білімнің алғашқы баспалдағын бағындырған шәкірттер бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басуда!
    Жылдар бойы – әріп таныған, сан үйренген, алғашқы достарын тапқан, ұстаздардың мейіріміне бөленген ең ғажап сәттер!
    4 “Ә” сынып оқушылары ұстаздарына арналған жүрекжарды жырларын оқып, ән шырқады, әсерлі қойылымдар мен би өнерлерін паш етті. Көздерінде қимастық, жүректерінде қуаныш пен сағыныш сезімі қатар өрілді. Әрбір баланың айтқан сөзі, жасаған қимылы бастауышпен қимастық қоштасуды білдіріп тұрды.
    Бастауышпен қоштасу – бұл қоштасу емес, жаңа белестің бастауы!
    Жанға шуақ сыйлаған бұл мерекенің естелігі мәңгі жүректерде қалары сөзсіз!
    👩🏻‍🏫Сынып жетекшісі: Нұрпазылова А.Р
    2025-05-22

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки